«ҚазТрансОйл» АҚ-тағы (бұдан әрі – Қоғам)
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) жүргізу жөніндегі бағдарлама – Қоғамда өткізуге жоспарланған ҒЗТКЖ тақырыптарының тізбесін, сондай-ақ оларды қаржыландыру мерзімдері мен көлемдерін қамтитын, жыл сайын жылжымалы негізде 5 (бес) жыл мерзімге әзірленетін, жоспарланған кезеңді 1 (бір) жылға ұзартуды көздейтін ҒЗТКЖ жөніндегі бағдарлама.
ҒЗТКЖ Қоғамда пайдалану шығындарын төмендету мақсатында Қоғамның магистральдық мұнай құбырларының өндірістік объектілерінде прогрессивті ресурс және энергия үнемдейтін (оның ішінде ғылымды қажетсінетін) технологияларды әзірлеу және енгізу мақсатында жүргізіледі.
Қоғамда ҒЗТКЖ жүргізу тәртібін белгілеу және жауапкершілікті бөлу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ-та ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу тәртібі» «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2024 жылғы 18 қарашадағы №119 бұйрығымен бекітілген.
ҒЗТКЖ өткізу жөніндегі іс-шараларды жалпы үйлестіруді Қоғамның Ғылыми-техникалық даму тобы жүзеге асырады.
2025 жылы Қоғамның бас директоры (Басқарма төрағасы) бекіткен 2025-2029 жылдарға арналған ҒЗТКЖ бағдарламасына сәйкес, келесі көрсетілген 8 такырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды:
1. «Өзен-Жетібай-Ақтау» ММҚ және «Өзен-Атырау-Самара» ММҚ мұнай құбыры бағыттары бойынша айдалатын және айдауға жоспарланатын мұнай қоспаларының реологиялық/физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша деректерді жаңарту бойынша зерттеулер;
2. Т.Қасымов атындағы МАС/Н.Н.Шманов атындағы МАС – «Кеңкияқ» БМАС – «Құмкөл» БМАС мұнай құбыры бағыты бойынша айдау кезіндегі тасымалдау режімдеріне және мұнай қоспасының құрамына байланысты мұнайдың реологиялық және физика-химиялық параметрлерінің өзгеру сипатын зерттеу;
3. «Құмкөл» БМАС – Б. Жұмағалиев атындағы БМАС – «Шымкент» ҚТП және «Құмкөл» БМАС – Б. Жұмағалиев атындағы БМАС – «Атасу» БМАС мұнай құбыры бағдарлары бойынша мұнай құбырлары бағыттары бойынша суық кезеңде тасымалдау кезіндегі мұнайдың реологиялық параметрлерінің өзгеруін бақылау;
4. «Павлодар-Шымкент» ММҚ Ертіс өзені арқылы су асты өткелінің құбыраралық кеңістігіндегі ингибирлеуші ерітіндінің құрамын, физика-химиялық параметрлерін мониторингілеу;
5. Мұнайды магистральдық мұнай құбырынан ығыстырудың заманауи технологияларын талдау;
6. «Құмкөл» БМАС – Б.Жұмағалиев атындағы БМАС мұнай құбырының учаскесінде айдалатын мұнайдың реологиялық және физика-химиялық сипаттамаларының және тасымалдау жағдайларының АШПШ шөгу процестеріне әсерін зерттеу;
7. Мұнай айдау станциялары мен резервуарлық парктердің технологиялық құбырларын қорғау бойынша ЭХҚ жүйесінің алаңішілік әсерінің тиімділігін, оның ішінде резервуарларды ішкі коррозиядан қорғауды кешенді зерттеу (МАС, БМАС кестесіне сәйкес);
8. Қорғаушы катодты тоқтың талап етілетін тығыздығын және топырақтың коррозиялық белсенділігін ескере отырып, оңтайлы анодты жерге тұйықтауыштарды іздеу арқылы магистральдық мұнай құбырларының учаскелерінде сыртқы коррозиядан қорғаудың тиімділігін зерттеу.
ҒЗТКЖ-ны «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалы (бұдан әрі - ЗӘО филиалы), сондай-ақ тартылатын сырт ұйымдар орындайды.
ҒЗТКЖ жүргізумен айналысатын ЗӘО филиалы бөлімшелерінің құрамына 3 (үш) зертхана кіреді:
1) Мұнай және мұнай өнімдерін зерттеу зертханасы;
2) Физика-химиялық зерттеулер зертханасы;
3) Коррозия зертханасы;
ЗӘО филиалының зертханалары Қоғамның өндірістік қызметінде анықталған проблемалар мен тәуекелдерді шешу үшін келесі бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді:
-
мұнай мен мұнай өнімдерінің физика-химиялық сипаттамалары мен реологиялық параметрлерін және парафинді тұндыру процестерін зерттеу;
-
реагенттердің физика-химиялық сипаттамалары мен тиімділігін зерттеу;
-
магистральдық құбырлардың учаскелерін, мұнай айдау станцияларының технологиялық құбырларын және резервуар паркін олардың коррозиялық жай-күйін анықтау үшін зерттеу;
-
технологиялық процестерде қолданылатын мұнай мен судың коррозия ингибиторларына сынақтар жүргізу;
-
судың физика-химиялық сипаттамаларын және топырақтың коррозиялық күйін зерттеу;
-
құбырлардың электрмеханикалық параметрлерінің топырақтың физикалық қасиеттері мен коррозиялық күйіне тәуелділігін зерттеу;
-
топырақ/су сапалық сипаттамаларының өзара әсерін және құбырдың ішкі/сыртқы бетінің техникалық жай-күйін зерттеу;
-
Қоғам объектілерінде заманауи техника мен технологиялардың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын жүргізуге қатысу.