KZTO 963,20 (+1,88)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 963,20 (+1,88)

Рационализаторлық қызмет

«ҚазТрансОйл» АҚ рационализаторлық қызметі «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген (2023 жылғы 26 желтоқсандағы №32 отырыс хаттамасы) «ҚазТрансОйл» АҚ-тағы рационализаторлық қызмет туралы қағидалармен (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттелген.
Осы Қағидалардың мақсаты «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі  – Қоғам) өндіріс тиімділігін арттыру және Қоғам жұмыскерлерін ынталандыру үшін рационализаторлық қызметке қолайлы жағдайлар жасау, ғылыми-техникалық шығармашылықты жандандыру және жұмыскерлердің шығармашылық әлеуетін пайдалану болып табылады.
Қоғамда өнімділік пен еңбек өнімділігін жақсартудың бірнеше тетіктері бар. Солардың бірі – рационализаторлық ұсыныс. Рационализаторлық ұсыныс (РҰ) – Қоғамның ғылыми-техникалық кеңесі мойындаған Қоғам қызметінің кез келген саласында техникалық немесе ұйымдастырушылық шешімді қамтитын ұсыныс. Рационализаторлық ұсыныстың объектісі материалдық объект немесе процесс болуы мүмкін.
Сондай-ақ, жақсарту жөніндегі ұсыныс (ЖҰ) – Қоғам жұмыскерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға және/немесе Қоғамның мақсаттары мен міндеттері аясында оң экономикалық нәтиже алуға ықпал ететін техникалық немесе ұйымдастырушылық шешім бойынша жаңа өзіндік ойды қамтитын ұсынысты (идея) қарастырады.         
 
Қағидаларға сәйкес 2024 жылы:
1. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың рационализаторлық қызметі бойынша 13 бағытта «Өзекті бағыттар тізбесі» бекітілді (рационализаторлық қызмет аясында ұсыныстарға сараптама жүргізуге өтінімдерді толтыру үшін «ҚазТрансОйл» АҚ қызметіндегі техникалық және ұйымдастырушылық бағыттар тізімі).

  1. Механикалық-технологиялық жабдық.
  2. Энергетикалық жабдық.
  3. Магистральдық мұнай құбырлары мен МАС желілік бөлігінің жабдығы.
  4. Өндірістік объектілердегі диагностикалық жұмыстар.
  5. Автоматтандыру, телемеханизация және метрология.
  6. Өндірістік-технологиялық байланыс.
  7. Ақпараттық технологиялар және жүйелер.
  8. Объектілерді салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу.
  9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.
  10. Магистральдық мұнай құбырлары жұмысының технологиялық режимдерін оңтайландыру.
  11. Мұнай мен мұнай қоспаларын тасымалдау.
  12. Жобалау-іздестіру жұмыстары.
  13. Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу.

 
2. Рационализаторлық ұсыныстар немесе жақсарту жөніндегі ұсыныстар бойынша жұмыскерлердің келіп түскен ұсыныстарына сараптама жүргізу үшін сарапшылар тобы 2025 жылы Қоғам бас директорының (Басқарма төрағасының) бұйрығымен (2025 жылғы 4 маусымдағы №58 бұйрық) жаңартылды және құрылды.
 
РҰ енгізу кәсіпорынның қызметіне оң әсер етеді. Пайдалы әсерден басқа, рационализаторлық ұсыныстар экономикалық пайда әкелуі мүмкін.
 
 «ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылы магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің сенімділігін, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге ықпал ететін жұмыскерлердің 3 ЖҰ және 1 РҰ енгізді.
 
2025 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-та маңызды рационализаторлық ұсыныстардың бірі ретінде Температура картасына сәйкес сыртқы ауаның қоршаған орта температурасы бойынша жүйенің жұмысы арқылы «Прииртышск» АҚП электр жылытудың индуктивті-өткізгіш жүйелері жұмысының алгоритмін енгізу арқылы электр энергиясын тұтынуды азайту жөніндегі ұсыныс болып табылды (автор - Валиев Р.Р. бас энергетик - Павлодар мұнай құбыры басқармасының (бұдан әрі - ПМҚБ) бас энергетигі қызметінің бастығы, тең авторы - Мелихов Е.В. ПМҚБ АБЖ учаскесінің инженері).
Ұсыныс «ҚазТрансОйл» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысында қаралды (13.08.2025 ж. №5 хаттама), ҒТК мүшелерінің жалпы дауыс беруімен ұсынысты рационализаторлық деп тану туралы шешім қабылданды

Серiктестер