KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Рационализаторлық қызмет

«ҚазТрансОйл» АҚ рационализаторлық қызметі «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен (2023 жылғы 26 желтоқсандағы №32 отырыс хаттамасы) бекітілген «ҚазТрансОйл» АҚ-ғы рационализаторлық қызмет туралы қағидалармен (бұдан әрі - Қағидалар) регламенттелген.

Осы Қағидалардың мақсаты - өндірістің тиімділігін арттыру және Қоғам қызметкерлерін ынталандыру үшін «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) қызметкерлерінің рационализаторлық қызметі, ғылыми - техникалық шығармашылығын жандандыру және шығармашылық әлеуетін пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Қоғамда еңбекке жарамдылық және еңбек өнімділігін жақсартудың бірнеше механизмдері бар. Солардың бірі - рационализаторлық ұсыныс. Рационализаторлық ұсыныс (РҰ) - Қоғам қызметінің кез келген саласында техникалық немесе ұйымдастырушылық шешімді қамтитын Қоғамның Ғылыми-техникалық кеңесі мойындаған ұсыныс. Рационализаторлық ұсыныс объектісі материалдық объект немесе процесс бола алады.

Сондай - ақ, жүзеге асырылуы Қоғам қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға және/немесе Қоғамның мақсаттары мен міндеттері шеңберінде оң экономикалық нәтиже алуға ықпал ететін, техникалық немесе ұйымдастырушылық шешім туралы жаңа түпнұсқа ойды қамтитын ұсыныс - жақсарту жөніндегі ұсыныс (ЖҰ) қарастырылады.

Қағидаларға сәйкес, 2024 жылы:

  • «ҚазТрансОйл» АҚ рационализаторлық қызметі бойынша ұсыныстарға сараптама жүргізуге өтінімдерді толтыру үшін саны 13 бағыт болатын «Өзекті бағыттардың тізбесі» («ҚазТрансОйл» АҚ қызметіндегі техникалық және ұйымдастырушылық бағыттардың тізімі) бекітілді.
  • Механикалық-технологиялық жабдық.
  • Энергетикалық жабдық.
  • Магистральдық мұнай құбырлары мен МАС желілік бөлігінің жабдығы.
  • Өндірістік объектілердегі диагностикалық жұмыстар.
  • Автоматтандыру, телемеханизация және метрология.
  • Өндірістік-технологиялық байланыс.
  • Ақпараттық технологиялар және жүйелер.
  • Объектілерді салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу.
  • Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.
  • Магистральдық мұнай құбырлары жұмысының технологиялық режимдерін оңтайландыру.
  • Мұнай мен мұнай қоспаларын тасымалдау.
  • Жобалау-іздестіру жұмыстары.
  • Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу.
  • Рационализаторлық ұсыныстар немесе жақсарту жөніндегі ұсыныстар бойынша қызметкерлердің келіп түскен ұсыныстарына сараптама жүргізу үшін Бас директордың (Басқарма төрағасының) бұйрығымен (2024 жылғы 3 қазандағы №100 бұйрық) сарапшылар тобы құрылды.

Рационализаторлық ұсынысты енгізу кәсіпорынның қызметіне оң әсер ететін нәтижеге алып келеді. Пайдалы әсерден басқа, рационализаторлық ұсыныстар экономикалық пайда да береді.

2023 жылы - 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің сенімділігін, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге ықпал ететін жақсарту бойынша қызметкерлерден 10 ұсыныс және 1 рационализаторлық ұсыныс берілді.

2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-да осындай мойындалған рационализаторлық ұсыныстардың бірі «Маңғышлақ Мұнай қоспасын Қашаған мұнайына алмастыру есебінен» Өзен-Атырау-Самара» ММҚ» Атырау-Самара» учаскесін пайдалану шарттарын өзгерту жөніндегі ұсыныс» болды (авторы - Тасымалдау департаментінің директоры А.Б. Бейсембаев, серіктес авторы - «ҚазТрансОйл» АҚ «МТБО» филиалының БДБ бастығы А.И. Өмірзақов).

Ұсыныс «ҚазТрансОйл» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің сырттай отырысында қаралды (12.06.2024 ж. №2 хаттама), ҒТК мүшелерінің жалпы дауыс беруімен ұсынысты рационализаторлық ұсыныс деп тану туралы шешім қабылданды.

Серiктестер