«ҚазТрансОйл» АҚ басым міндеттерінің бірі нормативтік техникалық құжаттар базасын жетілдіру болып табылады. Технологиялық процестерді оңтайландыру, автоматтандыру, жабдықтың жаңа түрлерін, энергия (ресурс) үнемдейтін (оның ішінде ғылымды қажетсінетін) технологияларды енгізу саласындағы соңғы жетістіктер «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жаңа стандарттарын әзірлеуді немесе қолданыстағы стандарттарын қайта өңдеуді талап етеді.
Қоғамда стандарттарды әзірлеу және өзгерту сырт мамандар мен ұйымдарды тарта отырып, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының өз күшімен жүзеге асырылады.
Стандарттарды әзірлеу/өзектендіру қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар, соның ішінде, бірақ олармен шектелмейді:
Стандарттар өндірістік және технологиялық процестерге нормативтік талаптарды белгілеу мақсатында әзірленеді.
Қоғам бас директоры (Басқарма төрағасы) 2025 жылы бекіткен «ҚазТрансОйл» АҚ-та стандарттарды әзірлеу/өзектендіру бойынша жаңартылған жоспарға сәйкес Қоғамның 7 стандарты әзірленді және бекітілді, оның ішінде:
1. «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген (2025 жылғы 24 қазандағы №26 отырыс хаттамасы, 1-тармақ) СТ ҚТО-1.007-2025 «ҚазТрансОйл» АҚ объектілерін ағымдағы жөндеудің құнын айқындау тәртібі» стандарты;
2. «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген (2025 жылғы 21 қарашадағы №27 отырыс хаттамасы, 2-тармақ) СТ ҚТО 6636-1901-АҚ-039-8.017-2020 «ҚазТрансОйл» АҚ офис жиһазына арналған кеңсе, шаруашылық тауарларының шығыс нормалары мен нормативтері» стандарты;
3. «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген (2025 жылғы 30 желтоқсандағы №33 отырыс хаттамасы, 8-тармақ) СТ ҚТО-4.012-2025 «Магистральдық мұнай құбырлары. Объектілердегі өндірістік-технологиялық байланыс» стандарты;
4. «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген (2025 жылғы 30 желтоқсандағы №33 отырыс хаттамасы, 9-тармақ) СТ ҚТО-8.006-2025 «Магистральдық мұнай құбырлары. Автокөлік, трактор және арнайы техника. Отын-жағармай және пайдалану материалдарының шығыс нормалары» стандарты;
5. «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген (2025 жылғы 30 желтоқсандағы №33 отырыс хаттамасы, 10-тармақ) СТ ҚТО-4.008-2025 «Магистральдық мұнай құбырлары. Мұнай қыздыру пештері. Техникалық пайдалану» стандарты;
6. «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген (2025 жылғы 30 желтоқсандағы №33 отырыс хаттамасы, 11-тармақ) СТ ҚТО 6636-1901-АҚ-039-4.015-2021 «Магистральдық мұнай құбырлары. Технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесінің техникалық және бағдарламалық құралдар кешеніне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» стандартына №1 өзгеріс;
7. «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген (2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 33 отырыс хаттамасы, 12-тармақ) СТ ҚТО-2.007-2025 «ҚазТрансОйл» АҚ-та еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі» стандарты;
Сондай-ақ, Қоғам өз күшімен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 83-НҚ бұйрығымен бекітілген ҚР СТ 3362-2019 «Магистральдық мұнай құбырлары. Техникалық пайдалану» ұлттық стандартына №1 түзетуді енгізу бойынша жұмыс жүргізді және ҚР СТ «Құбырішілік диагностика және магистральдық мұнай құбырларының тұтастығын кешенді басқару» ұлттық стандартын әзірледі.
2025 жылдың желтоқсан айында Қоғам бас директоры (Басқарма төрағасы) 2026-2027 жылдарға «ҚазТрансОйл» АҚ-та стандарттарды әзірлеу/өзектендіру жоспарын бекітті, осыған орай 2026 жылы Қоғамның 9 стандартын әзірлеу/өзектендіру және 1 ұлттық стандартқа түзетулер енгізу жоспарлануда.
Қоғам өз құзыреті аясында Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) қабылдайтын құжаттарын қарауға, келісуге қатысады. Атап айтқанда, 2019-2025 жылдар кезеңінде 60-тан астам мемлекетаралық стандарт жобалары қаралып, ескертулер мен ұсыныстар берілді.