KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Ғылыми-техникалық саясат

«ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық оператор және Қазақстан Республикасының ірі құбыр компаниясы бола отырып, өз қызметінің тиімділігін, оның ішінде магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету, рентабельділік пен кірістілікті арттыру мақсатында Қоғамның ғылыми-техникалық дамуын өзінің бірден-бір негізгі міндеті деп айқындады, оны іске асыру үшін Қоғам басшылығы өзіне мынадай міндеттемелер қабылдады:

  • өндірістік міндеттерді шешу үшін қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мақсатында ғылым қажетсінетін технологияларды, сондай-ақ пайдалану шығындарын төмендететін жабдықтардың инновациялық түрлерін енгізу;
  • мұнайды магистральдық мұнай құбырлары арқылы, оның ішінде жасанды интеллектті қолдана отырып тасымалдаудың технологиялық процестерін автоматтандыруды дамыту;
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін Қоғамның ғылыми-зерттеу зертханаларын жаңғырту;
  • Қоғамның рационализаторлық қызметін дамыту;
  • Қоғамның жас мамандарын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және олардың нәтижелерін қарауға тарту;
  • мұнай құбыры тасымалы саласында ғылым қажетсінетін технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында озық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға;
  • Қоғамның нормативтік техникалық құжаттарын жетілдіру үшін және Қоғамның құбыр тасымалы саласындағы мемлекетаралық және халықаралық стандарттарды әзірлеуге қатысуы мақсатында Қоғамның базасында Мұнай және мұнай өнімдерін құбырмен тасымалдау саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитет құру жөнінде шаралар қабылдау;
  • инновациялық технологияларды қолдануға қатысты мәселелерді қарау бойынша Қоғамның Ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысын жандандыру, ғылым қажетсінетін технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерін енгізу бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу үшін жоғары тұрған тиісті органдар мен бөгде ұйымдардың жұмысына қатысу.

Қоғам басшылығы өзіне алған міндеттемелерді орындауы осы Саясатты табысты іске асырудың, Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ғылыми-техникалық даму саласындағы қызмет нәтижелерін үнемі жақсартудың кепілі деп санайды.

Қоғам басшылығы осы саясатты іске асыруға және барлық қажет ресурстарды беруге жауапкершілік көтереді.

Серiктестер