24.06.2019 Көрулер: 1776
Дереккөз:
Баспасөз қызметі
20 маусымда Санкт-Петербургте Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы (ХМТҚ) Басқармасының он бірінші отырысы өтті. Іс-шараға «ҚазТрансОйл» АҚ-тан бас директор Димаш Досанов, бас директордың орынбасарлары Орал Идырысов, Шыңғыс Сейсекенов, Шара Таңатарова қатысты. Қатысушылар ХМТҚ-ның энергия тиімділігі, жеткізулер және құқықтық мәселелер бойынша үш Тұрақты сараптама топтарының жұмыс нәтижелерін қарады. Бірлестіктің 2019-2020 жылдарға арналған қызмет жоспары өзектендірілді. Он бірінші отырыс аясында «Невская» ЖӨДС-ке техникалық сапар жүзеге асырылды. ХМТҚ Басқармасының он екінші отырысы 2019 жылғы 25 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді.