24.05.2021 Көрулер: 2317
Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесті. Тараптар мұнай тасымалдау саласындағы тиімді өзара іс-қимылды атап өтіп, Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық қауымдастығы (МТХҚ) аясында ынтымақтастық мәселелерін және алдағы жоспарларды талқылады.