KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ мен CNPC «Қазақстан – Қытай» жүйесі бойынша мұнай тасымалдау мәселелерін талқылады

25.04.2023    Көрулер: 2275
ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Талғат Құрманбаев CNPC компаниясының вице-президенті, PetroChina президенті Хуан Юнчжанмен кездесті. Тараптар «Қазақстан – Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау саласындағы тиімді өзара іс-қимылды атап өтіп, одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Қазақстан – Қытай» магистральдық мұнай құбырларын салу» инвестициялық жобасы Қазақстанның көмірсутектерді тасымалдаудың көпвекторлы жүйесін құру саясаты шеңберінде іске асырылды. Жобаның қатысушылары «ҚазТрансОйл» АҚ, «МұнайТас» ЖШС және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, сондай-ақ олардың әрқайсысы «Қазақстан – Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің тиісті учаскесінің меншік иесі.
 
 «ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС - Бірлескен кәсіпорны. «ҚазТрансОйл» АҚ (50 %) және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd. (50%) «Кеңқияқ-Құмкөл» және «Атасу – Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырларын иеленуші.

«МұнайТас» ЖШС – «ҚазТрансОйл» АҚ (51 %) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны, «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында құрылған.
 
 
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті


Серiктестер