KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Бейжіңде «ҚазТрансОйл» АҚ басшыларының қытайлық серіктестермен кездесуі өтті

02.09.2023    Көрулер: 3051
«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев бастаған басшылығы Бейжіңге жұмыс сапарымен барды, онда қытайлық серіктестер - Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясының (CNPC Exploration and Development Company Ltd. ) өкілі Мэн Сяндун мырзамен кездесті. 
Кездесуде тараптар «МұнайТас СБҚК» ЖШС мен «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС бірлескен кәсіпорындарын басқару аясындағы ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда, «Кеңқияқ-Атырау» және «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральдық мұнай құбырын кеңейту жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Тараптар екі елдің стратегиялық және ұзақ мерзімді мүдделерін ескере отырып, бірлескен кәсіпорындарды басқару шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мен нығайтуға бейілділігін растады.

Анықтама үшін:
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км болатын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне иелік етеді.
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС – «ҚазТрансОйл» АҚ (50%) мен China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd арасындағы бірлескен кәсіпорын. (50%), «Кеңқияқ-Құмкөл» және «Атасу – Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырларына иелік етеді.
«МұнайТас СБҚК» ЖШС – «ҚазТрансОйл» АҚ (51%) мен CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) арасындағы Кеңқияқ-Атырау магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану жобасын іске асыру мақсатында құрылған бірлескен кәсіпорын.


Серiктестер