KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Грузиядағы «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы Ұлыбритания елшісіне Батуми теңіз портының мүмкіндіктерін таныстырды

20.11.2023    Көрулер: 1015
Ұлыбританияның Грузиядағы елшісі Марк Клейтон Батуми теңіз портында болып, оның мүмкіндіктерімен танысты.  «Батуми теңіз порты» ЖШҚ бас директоры (100% үлесті басқаруға айрықша құқықтар «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ға тиесілі) Ұлан Тілеуғали оған порттың техникалық мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Елші Грузияның Транскаспий халықаралық көлік бағытын, сондай-ақ Батуми портын Еуропа-Азия бағытында және кері қарай транзиттік жүктерге арналған көлік дәлізінің басты торабы ретінде дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.
 
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БНТ) – еншілес ұйым. «ҚазТрансОйл» АҚ (100 %). «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-да 100 % үлесті басқаруға айрықша құқығы бар.
 
 
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялары департаменті
 


Серiктестер