«ҚазТрансОйл» АҚ-та интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) енгізілді, ол біртұтас құрылым ретінде жұмыс істейтін төрт менеджмент жүйесін біріктірді:
1) ISO 9001:2015 бойынша сапа менеджменті жүйесі;
2) ISO 14001:2015 бойынша экологиялық менеджмент жүйесі;
3) ISO 45001:2018 бойынша денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі;
4) ISO 50001:2018 бойынша энергетикалық менеджмент жүйесі.
ИМЖ «ҚазТрансОйл» АҚ басқарудың жалпы жүйесінің бөлігі болып табылады және тұрақты дамуға үлес қосады. ИМЖ «ҚазТрансОйл» АҚ ішіндегі барлық процестердің келісілген өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді және менеджмент жүйелеріне жоғарыда көрсетілген стандарттардың талаптарын оңтайлы түрде орындауға мүмкіндік береді.
Төрт менеджмент жүйесін біріктіру нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ мынадай артықшылықтарға ие болды:
1) қызметтерді тұтынушылар мен басқа стейкхолдерлер үшін үлкен тартымдылық;
2) бірыңғай стандартталған басқару құрылымын құру;
3) жоспарлау, талдау, құжаттаманы басқару, ішкі аудиттер және т.б. процестерді біріктіру;
4) өзгермелі жағдайларға бейімделу дәрежесін арттыру.
«ҚазТрансОйл» АҚ ИМЖ-ның сертификатталуы одан әрі даму перспективаларын арттыра түседі және компанияның сыртқы және ішкі нарықтардағы әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, 2004 жылдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайын менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі халықаралық органдарда сертификаттау/инспекциялық (қадағалау) аудиттерден сәтті өту жолымен ИМЖ нәтижелілігін растайды.
Ағымдағы жылдың сәуір айында TÜV AUSTRIA халықаралық сертификаттау органы жүргізген ИМЖ сертификаттау аудитінің нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ үш жылдық кезеңге ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 және ISO 50001:2018 талаптарына сәйкестік сертификаттарын берді.