Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі

ISO 27001 халықаралық стандартының талаптарына ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің   сәйкес келуі

«ҚазТрансОйл» АҚ-та ISO 27001:2013 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі қызмет атқарады.

2007 жылғы желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ SAP ERP жүйесінің ISO/IEC27001:2005 FI (қаржы) модулі стандартының талаптарына сәйкес сәтті  сертификатталған Қазақстан Республикасының аумағындағы бірінші компания болды.

2014 жылы АҚБЖ бойынша қайта сертификаттау аудиті сәтті өтті.

Сертификаттау – «ҚазТрансОйл» АҚ ақпараттарының құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасын растайды.

2015 жылғы тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ ISO/IEC 27001:2013 сәтті ауысты.

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясат ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қоғам өз қызметінде басшылыққа алатын мақсаттарды, міндеттерді және тәсілдерді белгілейді.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – Қоғамның ақпараттық жүйелерін және активтерін қауіптің (тәуекелдердің) әсерінен қорғау.

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясат «ҚазТрансОйл» АҚ-тың барлық құрылымдық бөлімшелеріне таралады және қолданылуға міндетті.

2020 жылы Қоғам ISO/IEC 27001: 2013 стандартын растауға ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің сертификаттау аудитін сәтті өткізді, оның қорытындысы бойынша «ТЮФ АУСТРИЯ стандарттар және сәйкестік» ЖШҚ халықаралық сертификаттау органы әрекет ету мерзімі 2023 жылғы 28 шілдеге дейінгі 2020 жылғы 29 шілдедегі № ТА420203009336 сәйкестік сертификатын берді.


«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    96.92Кб    07.09.2020    13

Сертификат ISO/IEC 27001:2013 (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    550.16Кб    07.09.2020    8