KZTO 805,00 (-0,36)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 805,00 (-0,36)

Экологиялық менеджмент жүйесі

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының энергетика саласының негізгі элементі бола отырып, қоршаған ортаны қорғауды, мұнайды магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдау процестерінің экологиялық қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді өзінің жоғары және өзгермейтін басымдығымен айқындайды.

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік қызметтен қоршаған ортаға ықтимал теріс әсер етудің ықтимал қауіптілігін толық көлемде түсінеді және экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуге дайын.

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік қызметті Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасына сәйкес, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген рұқсат беру құжаттамасына сәйкес жүзеге асырады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым міндет қолайлы қоршаған табиғи ортаны, оның ішінде оның биоәртүрлілігін сақтау болып табылады. Жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес болу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ-та ISO 14001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін экологиялық менеджмент жүйесі енгізілді.

Қолданыстағы басқару жүйесі түзету/алдын алу іс-шараларының жоспарын уақтылы әзірлеу және өндірістік процестерді басқару, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік регламенттерді өзектендіру есебінен үнемі жетілдіріліп отырады.

Алдын алу шаралары жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі өндірістік экологиялық бақылау болып табылады, ол Компанияның өндірістік қызметінің нәтижелері бойынша заттай зерттеулерді, талдауды және есептілікті қамтитын кең жүйе болып табылады. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілер аумағында және олардың санитарлық-қорғау аймақтары шегінде атмосфералық ауаның, топырақтың, жер үсті, жер асты және сарқынды сулардың жай-күйіне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-та табиғатты қорғау қызметі әсер етуге экологиялық рұқсатта белгіленген лимиттерге (атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары, ағынды сулардың ластаушы заттардың шығарындылары, қалдықтар) сәйкес жүргізіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік саласында кадрларды даярлау, экологиялық мәдениетті, персоналдың білім беру және кәсіби деңгейін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайын экологиялық мақсаттарды өзектендіреді және өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізеді. Компания «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төмен көміртекті даму бағдарламасына белсенді қатысады, энергия үнемдейтін технологиялар мен жабдықтарды енгізу, аумақтарды көгалдандыру және баламалы (жаңартылатын) энергия көздерін зерделеу жөніндегі жобаларды іске асырады.

2025 жылы сертификаттық аудит қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ экологиялық менеджмент жүйесінің ISO 14001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады және TÜV AUSTRIA халықаралық сертификаттау органынан үш жылдық кезеңге сәйкестік сертификатын алды.


«ҚазТрансОйл» АҚ-тың экологиялық саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    194.69Кб    454

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық ISO 14001:2015 стандарттарына сай келетіндігін куәландыратын құжат (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    993.17Кб    29
Серiктестер