Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған арнайы шығарылым
Шығарылымда тамашалайтындарыңыз:
- «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Д. Досанов, бас директордың орынбасары
- С. Арынов, HSE жөніндегі басқарушы директоры Қ. Сейітмағамбетов және мұнай құбыры басқармалары мамандарының құттықтауы;
- «Шымкент» БМАС операторы Бағжан Нарпаева жұмыста жауапты маман, үйінде ибалы келін, адал жар. Арнайы сюжетте ол ер азаматқа тән қызметте жүріп, нәзіктікті сақтаудың қыр сырын айтып береді;
- Бас диспетчерлік басқармада диспетчер әйелдер мұнай тасымалын мереке күндері де басқарады;
- Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы технологиялық көлік және арнайы техника цехында 100 ер адамның арасында жұмыс істейтін жалғыз механик әйел Зелла Қызылқұлова туралы; Оның қызметі техникалар мен көліктерге қызмет көрсетумен байланысты. Толығырақ сюжеттен қараңыздар;
- Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасына қарасты мұнай айдау станциясында Тоғжан Рахова 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Ол оператор мамандығын жігері мықты және жаны нәзік адамдар ғана игере алатынына сенімді.