«ҚазТрансОйл» АҚ-да мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған компанияның орталық аппараты мен «Зерттеулер мен әзірлемелер орталығы» филиалының ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов атап өткендей, Қарашүнгүл кен орнында алғашқы Қазақстандық мұнай өндірілген күннен бастап 125 жыл ішінде біздің еліміз көмірсутек шикізатының ең ірі барланған қорлары бар мемлекеттердің қатарына енді.
«ҚазТрансОйл» АҚ – ның маңызды міндеті - көлік инфрақұрылымын айтарлықтай дамыту мен және қолда бар өндірістік әлеуетті барынша тиімді пайдалану. Компания ұжымының осы мақсаттарға жету үшін барлық мүмкіндіктері бар. Білікті кадрлық құрам мен мемлекеттік қолдау», - деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ басшысы.
Арман Қасенов ұжымға қол жеткізген жетістіктері үшін алғысын білдіріп, еңбек сіңірген қызметкерлерге Қазақстан мұнайының 125 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мерейтойлық медальдарын табыс етті. Мерейтойлық медальдармен «ҚазТрансОйл» АҚ барлық құрылымдық бөлімшелерінде 1639 ардагер мен қызметкер марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!