«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен 2024 жылғы 16 қыркүйектен бастап Еркін Таңқыбаев «Магистральдық суағызғы» ЖШС-ның Бас директоры болып тағайындалды.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Еркін Таңқыбаев «Магистральдық суағызғы» ЖШС-ның сумен жабдықтау және есепке алу департаментінің директоры болды. 2024 жылғы наурыз айынан бастап оған «Магистральдық суағызғы» ЖШС Бас директорының міндетін атқару жүктелген. Әр жылдары Еркін Таңқыбаев «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасында Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясының бастығы және аға инженері, Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясының аға инженері қызметтерін атқарған.
«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық суағызғы» ЖШС-ның жарғылық капиталында қатысу үлесінің 100% ие.
«Магистральдық суағызғы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының меншік иесі болып табылады және мұнай-газ өндіруші, өнеркәсіптік кәсіпорындарға, Атырау және Маңғыстау облысының тұрғындарына су беруді жүзеге асырады.