«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2025 жылдың 21 сәуірінен бастап Нұржан Нұрперзентұлы Күшжанов бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма құрамына сайланды.
Нұржан Күшжанов 1978 жылы 13 мамырда дүниеге келген. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдап, «Газ және мұнай құбырлары мен газ және мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» бойынша инженер-механик мамандығына ие болды, сондай-ақ О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Электрмен жабдықтау» бойынша инженер-электрик мамандығын игеріп, тамамдады.
Нұржан Нұрперзентұлының қызметке тағайындалуы – бір компаниядағы табысты қызметтің үлгісі, оның көп жылғы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің жемісі. Өндіріс белесінің барлық сатыларынан өтіп, топ-менеджер деңгейіне дейін жетті.
Еңбек жолын 2001 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасында электр монтеры, әуе желілері және электрохимиялық қорғау шебері болып бастады.
2003-2008 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының «Борсеңгір» БМАС, «Құмкөл» БМАС бастығының орынбасары, «Қарақойын» БМАС бастығы қызметтерін атқарған.
2008-2017 жылдар аралығында Жезқазған мұнай құбыры басқармасының ТКО бойынша бастығы орынбасары, өндіріс бастығының орынбасары, бас инженері қызметтерін атқарған.
2017-2020 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы мен Павлодар мұнай құбыры басқармасын басқарды.
2020 жылдың шілдесінен осы тағайындауға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаментінің директоры қызметін атқарды.
Директорлар кеңесі қабылдаған шешімді ескере отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасы жеті адамнан тұрады: Арман Қасенов (Басқарма төрағасы), Абай Бейсембаев, Нұржан Күшжанов, Әміржан Оспанов, Алмас Оңғарсынов, Жайдарман Исаков және Ғазиз Қошанов.