«ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі бойынша мұнайдың магистральдық құбырлармен тасымалдау айналымы 8 млрд 704 млн тонна-шақырымды құрады, бұл 2024 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда
13 млн тонна-шақырымға артық.
Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына магистральдық құбыр жүйесі арқылы тасымалданған мұнай көлемі 4 млн 424 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 97 мың тоннаға артты. Атап айтқанда:
Атап айту керек, 2025 жылдың 17 ақпанынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бастамасымен мұнай тасымалдау қызметтері бойынша Типтік шартқа енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізуге арналған тапсырыстарға басымдық беруге және ілеспе құжаттарды ресімдеу мерзімдерін қысқартуға бағытталған.
«Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбыры арқылы «Транснефть» ААҚ жүйесіне одан әрі Германияға жеткізу үшін тасымалданған қазақстандық мұнай көлемі 377 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 77 мың тоннаға артық.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ТОН-2 мұнай құбыры учаскесі арқылы 2 млн 925 мың тонна мұнай тасымалданды — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 49 мың тоннаға артық.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі арқылы 4 млн 847 мың тонна мұнай тасымалданды — бұл 2024 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 79 мың тоннаға артық. Жүк айналымы 4 млрд 336 млн тонна-шақырымды құрап, өткен жылдың осы кезеңінен 93 млн тонна-шақырымға артық болды.
«МұнайТас» Солтүстік-Батыс Құбыры» ЖШС мұнай құбыры арқылы тасымал көлемі 1 млн 479 мың тоннаны құрады — бұл 2024 жылдың
I тоқсанымен салыстырғанда 6 мың тоннаға артық. Жүк айналымы
635 млн тонна-шақырымды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 млн тонна-шақырымға артты.
2025 жылдың I тоқсанында «Батум мұнай терминалы» ЖШҚ және «Батум теңіз порты» ЖШҚ компаниялар тобы арқылы жүк аудару көлемі
1 млн 847 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың осы кезеңінен 335 мың тоннаға көп болды.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның шоғырландырылған мұнай жүк айналымы
11 млрд 196 млн тонна-шақырымды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 75 млн тонна-шақырымға артты.