«ҚазТрансОйл» АҚ компанияның есепті кезеңдегі негізгі жетістіктерін көрсететін 2024 жылға арналған жылдық есебін ұсынды. Құжат ақпаратты ашудың озық халықаралық тәжірибесіне сәйкес дайындалған және компанияның операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелерін, орта мерзімді даму жоспарларын, сондай-ақ корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жүйесі туралы ақпаратты қамтиды. Сонымен қатар, Жылдық есеп тұрақты даму есебін және компанияның Директорлар кеңесінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы жылдық есебін қамтиды.
Негізгі операциялық және қаржылық көрсеткіштер
2024 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобы 46,7 млн тонна мұнай тасымалдауды қамтамасыз етті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға артық. Мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 3,2%-ға немесе 1,4 млрд тоннаға ұлғайып, 45,2 млрд тонна-километрді құрады. Шоғырландырылған кіріс 311,9 млрд.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7,4%-ға немесе 21,5 млрд.теңгені құрады. Таза пайда 41,6 млрд теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 26,6%-ға немесе 8,7 млрд теңгеге өсті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне 41,3 млрд теңге салықтар мен міндетті төлемдер түсті, бұл өткен жылдың деңгейінен 3%-ға жоғары.
Тұрақты даму және ESG фокусы
«ҚазТрансОйл» АҚ қоршаған ортаға әсерді азайту шараларын дәйекті түрде жүзеге асырады. 2024 жылы ластаушы заттардың шығарындыларының деңгейі 6,9%-ға төмендеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға инвестициясының жалпы көлемі 5,8 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артық. Жұмысшыларды әлеуметтік қолдауға 3,9 млрд теңге бөлініп, 5,4%-ға өсті. Жаңа коммуналдық инфрақұрылым нысандары: жатақханалар, асханалар мен қызмет бөлмелер пайдалануға берілді.
Дивидендтік саясат
2023 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуге 25 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 млрд теңгеге немесе 66,7%-ға артық. Бұл көрсеткіштер компанияның тұрақты қаржылық жағдайын және оның акционерлердің мүдделерін қорғауға бағытталғанын растайды.
Стратегиялық басымдықтар
«ҚазТрансОйл» АҚ Транскаспий бағытын дамыту, экспорттық әлеуетті кеңейту, цифрлық шешімдерді енгізу және ESG тәсілдерін күшейтуді қоса алғанда, негізгі стратегиялық бастамаларды іске асыруды жалғастырады. Компания тұрақты даму, тиімді корпоративтік басқару және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына адалдығын, мұнай тасымалдау саласындағы ұлттық көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайтады.
2024 жылға арналған жылдық есептің толық мәтінімен компанияның ресми сайтында танысуға болады:
https://kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/zhildik_esepteri/