2025 жылғы 29–30 шілде аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері «Қазақстан Республикасының жаңа Су кодексі (2025): шолу және практикалық қолдану» тақырыбындағы оқыту бағдарламасына қатысуда.
Бағдарлама су заңнамасындағы өзгерістерге бейімделу және қызметкерлердің құқықтық әрі экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Дәрістерді PhD докторы, Kazwater қауымдастығының вице-президенті, БҰҰ Даму бағдарламасының су ресурстарын басқару жөніндегі ұлттық кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Су кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Манира Алагужаева жүргізеді.
Оқыту барысында қатысушылар жаңа Су кодексінің негізгі ережелерімен, су ресурстарын реттеу, лицензиялау және су шаруашылығын жоспарлау тетіктерімен танысуда. Сонымен қатар, өнеркәсіптік, соның ішінде мұнай-газ саласындағы су пайдаланудың ерекшеліктері, су объектілерін ластанудан қорғау және экологиялық жауапкершілік мәселелері қарастырылуда.
Оқыту нәтижесінде қатысушылар:
-
Су кодексінің нормаларын тиімді қолдануды;
-
тиімді су пайдалану жүйесін қалыптастыруды;
-
экологиялық және құқықтық тәуекелдерді төмендетуді меңгереді.
«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлердің кәсіби дамуын және орнықты даму қағидаттарына сай экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.