KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2016 жылғы қаңтар-наурыз аралығындағы шоғырландырылмаған қаржылық көрсеткіштерін жариялап отыр

 26.04.2016    315
Жеке «ҚазТрансОйл» бойынша түсім 2016 жылдың бірінші тоқсаны бойынша 49 млрд. 204 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың ұқсас мерзімдегі көрсеткішінен 1,4% жоғары. Жеке «ҚазТрансОйл» бойынша таза пайда 2016 жылдың бірінші тоқсаны бойынша 18 млрд. 639 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың бірінші тоқсандағы нәтижесінен 2,8% төмен. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 373 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығ 1975 мың км. су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі +7-717-2-555-134 +7-717-2-555-136
Реакция:
Серiктестер