KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Fitch «ҚазТрансОйл» АҚ ұзақ мерзімді рейтінгісін «ВВВ-» деңгейінде, болжам – «Тұрақты» деп растады

 19.11.2019    312
2019 жылғы 15 қарашада халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Ratings (бұдан әрі - Fitch) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі - ҚТО) эмитенттінің ұзақмерзімді дефолт рейтингісін шетелдік валютада «Тұрақты» болжамымен «BBB-» деңгейінде растады. Fitch атап өткендей, ҚТО рейтингтері оның мықты операциялық және қаржылық көрсеткіштерін көрсетеді. ҚТО ел экономикасы үшін маңызды болып табылатын Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау секторында басым позициясын сақтайды. ҚТО дивидендтер арқылы ҚТО-ның бос ақша ағынынан айтарлықтай пайда алатын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-пен тығыз операциялық және стратегиялық байланыста. Сонымен қатар, компания мұнай бағасының өзгерісіне тікелей бейімделген, бұл оның бизнес бағыты үшін қолайлы фактор болып табылады. Fitch пікірі бойынша Қазақстан арқылы Қытай мен Өзбекстанға Ресей мұнайының транзиті туралы ресейлік компаниялармен жасалған келісімдер де ҚТО-ға оң әсер етеді. «Роснефть» ҰК» ЖАҚ Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау көлемін 2017 жылы 7 миллион тоннадан 2018 жылы 10 миллион тоннаға дейін арттырды. Сонымен қатар, Fitch сарапшылары ҚТО-ның экспорттық тарифтерді көтеру қабілеттілігіне баса назар аударады, ол ҚТО-ның кредит қабілеттілігінің қолайлы факторы болып табылады. Тарифтердің ұқсас өзгерісі (10%-ке арттыру) 2018 жылдың 1 сәуірінде бекітілді. Fitch ҚТО-ның жеке операциялық профилін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен реттеуші орта ұстап тұрған «bbb» рейтинг санатына сәйкес келеді деп бағалайды.
Реакция:
Серiктестер