KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырынан мұнай ұрлаған ҰҚТ қатысушылары бас бостандығынан айыруға жазаланды

 17.11.2020    1187
Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 қатысушысы «Өзен - Жетібай - Ақтау» магистральдық мұнай құбырынан 100 тонна мұнай ұрлағаны, «Қаламқас - Қаражанбас - Ақтау» магистральдық мұнай құбырының 228,073 километрінде заңсыз ойып қосылғаны,   «Таушық-Жыңғылды» сутартқышының құбырын ұрлағаны үшін айыпталып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылғы ақпанда мұнай толған екі автоцистерна ұсталғаннан кейін Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің жұмыскерлері ұрланған мұнайдың тиесілігін анықтау үшін «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына жүгінді. Бірлесіп тексеру барысында «Өзен - Жетібай - Ақтау» мұнай құбырының 102,19 километрінде заңсыз ойып қосылу айқындалды. Мұнайды ұрлауға кінәлілердің айтуынша 2019  жылғы маусымда «Қаламқас - Қаражанбас - Ақтау» мұнай құбырының 228,073 километрінде заңсыз ойық табылды. Бұдан басқа, тергеу 2019 жылғы қаңтарда ұйымдасқан қылмыстық топтың лидері «Таушық-Жыңғылды» сутартқышының ұзындығы 1 398 метр құбыр өнімін ұрлағаны анықтады.

Осы заңсыз ойып қосылудан және құбыр ұрлаудан материалдық зиянның жиынтығы 25,8 млн теңге құрады.

 «Өзен - Жетібай - Ақтау» және «Қаламқас - Қаражанбас - Ақтау»  мұнай құбырлары «ҚазТрансОйл» АҚ меншігі.

«Таушық - Жынғылды» сутартқышы «Астрахань - Маңғышлақ» сутартқышы жүйесіне кіреді және «Магистральдық Суағызғы» ЖШС меншігі болып табылады.

«Магистральдық Сутартқышы» ЖШС - «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы.
Анықтама:
 
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. Мұнайды  қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және 5 бағыт бойынша экспортқа тасымалдайды: «Атырау – Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері  Нұр-Сұлтанда, Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен  байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер