KZTO 840,00 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,00 (-0,36%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бастығы Асқар Жолдасов еңбек ұжымымен кездесті

 27.04.2022    1442
«Ақтау» бас мұнай айдау станциясында Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бастығы Асқар Жолдасовтың еңбек ұжымымен кездесуі өтті. Кездесу аясында Маңғыстау МҚБ өндірістік қызметінің қорытындысы мен алдағы уақытқа даму жоспарлары талқыланды. Басқарманың жуырда тағайындалған басшысы алдағы өндірістік жоспарлармен таныстырып, жұмысшылардың сұрақтарына жауап берді, сондай ақ тоқтаусыз мұнай тасымалындағы әрбір маманның маңызын атады.


Бүгінде «Ақтау» бас мұнай айдау станциясы Ақтау теңізі сауда порты аумағындағы мұнай құю айлақтары арқылы танкерлерге мұнай тиейтін Қазақстандағы жалғыз станция. Бірегей станцияның мүмкіндіктері орасан. Мұнда тасымалдың барлық түрлері қамтылған. Станция Бозашы түбегіндегі кен орындарының мұнайын «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» мұнай құбыры арқылы қабылдап, оның бір бөлігі теңіз жолы арқылы танкерлермен Баку және Махачкалаға дейін тасымалданады. Тағы бір бөлігі Жетібай бағытына қарай «Өзен-Жетібай-Ақтау» мұнай құбырымен айдалып, онан әрі «Өзен-Атырау-Самара» ыстық магистралды мұнай құбыры арқылы тасымалданады. Сонымен қатар станцияның темір жол цистерналарынан мұнай қабылдап алу мүмкіндігі бар.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер