KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың 11 айында Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспортының көлемін 50%-ға арттырды

 11.12.2023    869

2023 жылдың 11 айында Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспорты 3 млн 62 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн 14 мың тоннаға немесе 50%-ға артық. 

Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің артуы Баку портына қарай жөнелтілетін шикізат көлемінің 205 мың тоннадан 1 миллион 238 мың тоннаға дейін ұлғаюымен байланысты, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 есе көп. Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 824 мың тонна мұнай жөнелтілді. 

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.

Реакция:
Серiктестер