KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2024 жылдың I тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Қытайға 2,5 млн тонна Ресей мұнайының транзитін жүзеге асырды

 09.04.2024    1233

2024 жылдың I тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ 2 млн 507 мың тонна көлемінде «Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбыры арқылы Қытай Халық Республикасына Ресей мұнайының транзитін жүзеге асырды.

2023 жылы Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына транзитінің көлемі 9 млн 989 мың тоннаны құрады.

2014-2023 жылдары «Қазтрансойл» АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына 91 млн тонна Ресей мұнайын жеткізуді қамтамасыз етті.

«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей мұнайының Қытай Халық Республикасына транзитін жүзеге асырып келеді.

2022 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ 2033 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Роснефть» ҰК» ЖАҚ-мен Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну шартын ұзартты.

Реакция:
Серiктестер