Өндірістік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатымен «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының №8 мұнай айдау станциясында меншік иесі «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-нің қолдауымен вахтадағы қызметкерлерге арналған спорт алаңы салынды. Жаңа нысанның жалпы ауданы 648 шаршы метрді құрайды.
Жазғы спорт алаңы баскетбол, волейбол, шағын футбол ойнауға арналған және керекті құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Қызметкерлердің әрбір денсаулығын ойлаған жанға үйде де, жұмыста да жаттығу жасауға, сүйікті спорт ойындарымен айланысуға жағдай жасаған компания басшылығына алғыстары зор.