KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

Айдын Қайырбеков жұмысшы жастардың үздік тәлімгері атанды

 04.11.2025    43

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Айдын Қайырбеков республикалық «Жұмысшы жолы – 2025» байқауының облыстық кезеңінде «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 1-орынды иеленді.

24 жыл бойы Айдын Қайырбеков жас мамандармен өз тәжірибесі мен білімін бөлісіп, олардың бойында қауіпсіздік мәдениетін, жауапкершілікті және кәсібилікті қалыптастырып келеді. Оның тәлімгерлігі арқасында Ақтөбе мұнай құбыры басқармасында еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық саналылық қағидаттары нығая түсуде.

– Адамды еңбек қорғау талаптарына қалай үйретсең, оның солай орындайтынына әбден көзім жетті. Ең бастысы – әрбір жас қызметкерге еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау – бұл жай ғана формалды емес, өмірлік қажеттілік екенін жеткізу, – дейді А. Қайырбеков.

Кадрлық әлеуетті дамытуға және тәлімгерлікке қосқан үлесі үшін Айдын Қайырбеков Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың дипломымен және «1 орын – Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» мүсіншесімен марапатталды.

Әріптесімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз, оған жаңа кәсіби жетістіктер мен шәкірттерінің ризашылығын тілейміз!


Реакция:
Серiктестер