KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

Көп жылғы адал еңбектен кейін құрметті демалысқа

 06.11.2025    24

«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасында ұзақ жылдар бойы абыроймен еңбек еткен - бас механик қызметі бастығының орынбасары Николай Попивчак пен «Теңіз» апатты қалпына келтіру пунктінің автомобильдерді жөндеу слесарі Бауыржан Мұхамбетовті ұжым зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Екі ардагер де өндірістік үдерістерді дамытуға және техниканың жоғары техникалық дайындық деңгейін сақтауға елеулі үлес қосып, өмірінің көп жылын кәсіпорынға арнады.

Николай Попивчак 16 жылдан астам уақыт бойы ұжымда жауапты әрі талапшыл жетекші ретінде танылып, өндірістік мәселелердің тиімді шешілуіне үлес қосты.

Ал, Бауыржан Мұхамбетов өз ісінің шебері ретінде әріптестерінің сенімі мен құрметіне бөленген маман. Еңбек еткен жылдары ол адалдығы, еңбекқорлығы және кез келген жағдайда көмек көрсетуге дайын болуы арқылы әріптестерінің құрметіне ие болды.

Салтанатты шарада басшылық пен әріптестер олардың жылдар бойы жемісті еңбектері, кәсіби біліктілігі және компанияға адалдығы үшін алғыстарын білдіріп, оларға зор денсаулық, бақ-береке, сондай-ақ өздеріне және жақындарына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беретін құрметті демалыс тіледі.


Реакция:
Серiктестер