KZTO 840,60 (-0,23%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,60 (-0,23%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ делегациясы Бейжіңдегі Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының Х отырысына қатысты

 27.11.2018    1693
Бүгін Бейжіңде (ҚХР) Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының кезекті отырысы аяқталды. Қазақстан, Чехия, Ресей Федерациясы, Словакия, Венгрия, Беларусь, Украина және Қытайдың 8 мұнай тасымалдау компаниясының өкілдері энергия тиімділігін арттыру, мұнай жеткізу саласындағы өзекті мәселелерді, қызметтің заңды аспектілерін, болашаққа жоспарларды талқылады. «ҚазТрансОйл» АҚ тарапынан отырысқа қатысушыларға 2019 жылғы тамызда Қазақстанда алғаш рет өтетін «Үздік маман» Халықаралық конкурсын өткізу бойынша жоспарлар ұсынылды. Кездесу аясында мұнай тасымалдау компанияларының өкілдері CNPC диспетчерлік кеңсесіне барып, қытайлық әріптестің мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдауды басқарудың технологиялық процесімен танысты.
 
Серiктестер