KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2022 жылдың І жартыжылдығында «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемі 19,959 млн тоннаны құрады

 27.07.2022    1784
«ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың І жарты жылдығының өндірістік қорытындысын шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 19 млн 959 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2021 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 469 мың тоннаға кем.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 929 мың тоннаға артып, 9 млн 30 мың тоннаны құрады.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-на 2 млн 709 мың тонна мұнай, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-на 3 млн 44 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнай - химия зауыты» ЖШС-на 2 млн 845 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС-на 432 мың тонна мұнай жеткізілді.

«Өзен - Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4 млн 232 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың І жарты жылдығының көрсеткішінен 2 млн 25 мың тоннаға кем.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 5 млн 412 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27 мың тоннаға кем.

«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 5 млн 713 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды.

2021 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда көрсеткіш 261 мың тоннаға артты.

«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 550 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 283 мың тоннаға артық.

Ақтау портындағы танкерлерге «ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдалана отырып мұнай құю 1 млн 56 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 4 мың тоннаға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы 16 млрд 729 млн тонна-километрді құрады, бұл 2021 жылғы І жартыжылдықтың көрсеткішінен 454 млн тонна-километрге аз.

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайының шоғырландырылған жүк айналымы 21 млрд 731 млн тонна-километрді құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 341 млн тонна-километрге артық.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 9 млн 727 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2021 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 1 млн 305 мың тоннаға артық. Мұнайдың жүк айналымы 8 млрд 926 млн тонна-километрді құрады, бұл 2021 жылғы I жартыжылдықтың нәтижесінен 1 млрд 319 млн тонна-километрге артық.

«МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2 млн 622 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 703 мың тоннаға артық. Мұнайдың жүк айналымы 264 млн тонна-километрге артып, 1 млрд 58 млн тонна-километрді құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 53 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 327 мың тоннаға артық.

Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры бойынша «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС 14 млн 704 мың текше метр тұщы су берілді, 2021 жылдың І жартыжылдығындағы көрсеткішпен салыстырғанда су жеткізу көлемінің ұлғаюы 630 мың текше метрді құрады.
 
»ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
 
Серiктестер