KZTO 812,10 (-0,35)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 812,10 (-0,35)

Маңғыстау МҚБ ұжымы қайырымдылық көмек көрсетті

 23.11.2022    342
Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының жас мамандары мен аппарат басқармасының қызметкерлері көмек қолын созды. Басқарманың зейнеткері – Нина Калачева денсаулығына байланысты өздігінен қозғала алмайтын. Мүгедектерге арналған арбаға көптен мұқтаж еді. Анасына қарап жүрген қызы да «ҚазТрансОйл» жүйесінде жұмыс жасаған, алайда денсаулығы сыр бере бастаған соң, 2 жыл бұрын жұмыстан шығып кеткен. Қазір 2 топтағы мүгедек.

Осындай қиын жағдайын түсініп, жас мамандар мен АБ қызметкерлері ақша жинап, 128 мың теңгеге мүгедектер арбасын сатып алып берді.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер