«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының Жас мамандар кеңесінің мүшелері ұжымның атынан Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Мамандандырылған балалар үйінде тұратын ерекше бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мамандандырылған балалар үйі – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің зақымдалған, психикалық және дене дамуында кемістіктері бар балаларды тәрбиелеумен қатар оларға медициналық көмек көрсетумен айналысатын коммуналдық мемлекеттік мекеме. Балалар үйінде туғаннан 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Мұнайқұбыршылар балалар үйін қажетті заттармен қамтамасыз етті.
Жыл сайын Атырау МҚБ ұжымы мүмкіндігі шектеулі және жетім балалары бар аз қамтылған отбасыларға көмектеседі.