«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының 2024 жылғы 25 қарашадағы шешімімен үш жыл өкілеттік мерзімге жеті адамнан тұратын «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы анықталды.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланғандар:
-
Булат Закиров – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі;
-
Амир Бозжігітов – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі;
-
Ардақ Қасымбек – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі;
-
Арман Қасенов – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы);
-
Нұрлан Аханзарипов – тәуелсіз директор;
-
Кайнар Қожұмов – тәуелсіз директор;
-
Қазбек Құсайынов – тәуелсіз директор.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Булат Закиров сайланды.