KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ еншілес кәсіпорны «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбырын модернизациялау аясында 20 млрд теңгеге облигациялар шығарады

 08.11.2023    410

«Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту» 1 кезек» инвестициялық жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы қаражатты тарту шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесімен «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС облигацияларын келесі шарттарда шығару туралы шешім қабылдағанын хабарлайды:

1) шығару көлемі – 20 млрд теңге; 

2) облигациялар саны - 20 млн дана; 

3) облигациялардың түрі - купондық, қамтамасыз етусіз; 

4) облигациялардың номиналды құны – 1 мың теңге; 

5) облигациялар бойынша сыйақы - жылдық 0,5%, әр күнтізбелік жылда жылына екі рет (1 сәуірде және 1 қазанда) төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен жобаны іске асыруға «Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 70 млрд теңге көлемінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді, Оның 50 млрд теңгесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-дан облигациялық қарыз түрінде «Магистральдық су ағызғы» ЖШС-на тартылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы қаражаттан басқа, жобаны қаржыландыру үшін 2022 жылғы қарашада «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қарызы тартылды.

Жобаны іске асыру «Астрахан – Маңғышлақ» магистральдық су құбырының өткізу қабілетін 2024 жылы тәулігіне 110 мыңнан 170 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Реакция:
Серiктестер