KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры «Магистральды Суағызғысы» ЖШС жұмыскерлерімен кездесу өткізді

 15.12.2023    569

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев «Магистральды Суағызғысы» ЖШС («ҚазТрансОйл» АҚ 100% қатысу үлесі). жұмысшыларымен кездесу өткізді

Іс-шара Атырау және Маңғыстау облыстары үшін стратегиялық маңызды жоба – «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбырын қайта жаңғырту және кеңейту 1-кезеңінің» аяқталуына орай ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Талғат Құрманбаев ұйымның барлық қызметкерлеріне жемісті жұмысы мен жоғары нәтижелері үшін алғысын білдірді. «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын қайта жаңғырту және кеңейту 1-кезеңі» жобасы бойынша сіздерге жүктелген барлық тапсырмалар тиісті деңгейде орындалды. Жақсы үйлестірілген жұмысыңыз бен жоғары кәсібилігіңіз үшін Сізге үлкен алғысымды білдіремін», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ басшысы Талғат Құрманбаев.

Кәсіпорын басшысы өз сөзінде үнемі орындалуы тиіс басым мақсаттар мен міндеттерге тоқталып өтті, олардың ең маңыздысы күнделікті қызметте өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экологиялық талаптарды мүлтіксіз орындау болып табылады.

Сондай-ақ Талғат Құрманбаев өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру, кадрларды сапалы дайындау мен біліктілігін арттыру деңгейін арттыру және ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылықты арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Реакция:
Серiктестер