KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Павлодар мұнай құбыры басқармасының өндірістік нысандарында болды

 04.09.2024    4140
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов Павлодар мұнай құбыры басқармасының өндірістік нысандарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығымен танысты.

«Павлодар» бас мұнай айдау стансасында резервуар паркін, басқару орталығын және химиялық талдау зертханасын аралады.

«Екібастұз» мұнай айдау стансасында санитарлық-әкімшілік ғимараттың құрылысын барлау барысында Арман Қасенов жұмысшыларға еңбек етуге қолайлы жағдай жасаудың және барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Кеңселер, асхана және медициналық пункты бар бұл санитарлық ғимаратты мердігер ұйым 2024 жылдың қазан айында тапсыруды жоспарлап отыр.

Бас директорға өндірістік қызмет көрсету базасының технологиялық көлік және арнайы техника цехының жанар-жағармай құю станциясын қайта құру жұмыстары таныстырылды.

Павлодар мұнай құбыры басқармасының өндірістік нысандарының жұмысымен танысу қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесін күзгі-қысқы кезеңде пайдалануға дайындау бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды уақытылы әрі тиімді жүзеге асырып, әлеуметтік нысандарды мерзіміне сай пайдалануға беру тапсырылды.



Сонымен қатар, Павлодар мұнай құбыры басқармасына жұмыс сапары аясында Арман Қасенов «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры Қуаныш Бишімовпен кездесті.

«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-на мұнай жеткізуді қамтамасыз етеді, ресейлік мұнайды «ТОН-2» мұнай құбыры арқылы тасымалдайды, Қытай Халық Республикасына мұнай тасымалдау үшін «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбыры бойынша шикізатты «Атасу» бас мұнай айдау станциясына жеткізіп, әрі қарай «Атасу – Алашанькоу» магистральды мұнай құбырына ауыстырып тиейді.


 
Реакция:
Серiктестер