KZTO 821,00 (+0,12%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 821,00 (+0,12%)

«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Транснефть» ЖАҚ ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

 07.02.2025    147
2025 жылғы 6 ақпанда «Транснефть» ЖАҚ вице-президенті Андрей Бадаловтың, «ҚазТрансОйл» АҚ ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Бадирша Байрамовтың және «ҚазТрансОйл» АҚ «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының директоры Сабит Арыновтың қатысуымен  кездесуі өтті.

Кездесу барысында магистральдық мұнай құбырларын басқарудағы ақпараттық технологиялар мен қауіпсіздікке қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Тараптар мұнай құбыры инфрақұрылымын басқаруға арналған заманауи ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, автоматтандыру және мониторинг жүйелерін енгізу, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, киберқауіптерден қорғау және деректерді қорғау әдістеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, цифрлық шешімдерді жетілдіру мен біріктіруге бағытталған инновациялық жобаларға басымдық берілді.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер