KZTO 837,00 (+0,33)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 837,00 (+0,33)

2026-2030 жылдарға арналған «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлары арқылы ҚР ішкі нарығына мұнай айдау тарифі бекітілді

 01.12.2025    20

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 101-НҚ бұйрығына сәйкес 2026-2030 жылдарға арналған ынталандырушы тарифтік реттеу әдісті ескере отырып, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнайды айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке  тарифтік смета және тариф бекітілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін 6 777,76 теңгені құрайды (ҚҚС-сыз), бұл қолданыстағы тарифтен 1 862,55 теңгеге немесе 37,89% - ға артық.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін 6 960,90 теңгені құрайды (ҚҚС-сыз).

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін 7 270,83 теңгені құрайды (ҚҚС-сыз).

2029 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін 7 564,99 теңгені құрайды (ҚҚС-сыз).

2030 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 1000 км-ге 1 тонна үшін 8 018,58 теңгені құрайды (ҚҚС-сыз).

Серiктестер