Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері Шолпан Бекешова және «Қаражанбас» мұнай айдау станциясының (БӨжА) бақылау өлшеу және автоматика слесарі Азамат Машанов Маңғыстау облысы әкімдігінің Алғыс хатына ие болды. Әріптестеріміз Маңғыстау облысының кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қосқан үлесі үшін марапат алды. Оларды Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бастығы Асқар Жолдасов құттықтады.
Шолпан Бекешова басқармада 20 жылдай еңбек етеді, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша басқарманың өндірістік кеңесінің төрағасы, сондай ақ аппарат басқармасының еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторы. Өз ісінің маманы.
Азамат Машанов – белсенді жас маман. Краснодар қаласында КТК өткізген қауіпсіздік күніне ҚазТрансОйл командасының құрамында қатысып, белсенділік танытқан. Ол кезде командамыз 2 орын алды.
Шолпан Бекешова, Маңғыстау МҚБ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің еңбекті қорғау жөніндегі жетекші: «Барлық әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтаймын! Еңбегімді елеп, жоғары бағасын беріп жатырған әріптестеріме, басқарма басшылығына, Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына алғыс білдіремін. Барлық жақсылықты тілеймін!»
Азамат Машанов, «Қаражанбас» МАС БӨжА слесарі «Құрметті әріптестер, барлығыңызды дүниежүзілік еңбекті қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Марапатталып жатқаныма өте қуаныштымын. Барлығымыз қауіпсіздікті сақтайық».