KZTO 810,00 (-0,12)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 810,00 (-0,12)

Әріптестерімізді құттықтаймыз!

 26.10.2022    618
Қарағанды мұнай құбыры басқармасында Республика күні құрметіне орай салтанатты жиналыс өтті. Басқарма бастығы Марат Сабуғалиев басқарма ұжымын ұлттық мерекемен құттықтап, жұмысшылар және олардың отбасы мүшелеріне мықты денсаулық, бақыт пен сәттілік және елімізге бақуаттылық тіледі.

Республика күні - ұлттық мерекені атап өту және құбыр көлігін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін келесі мұнайқұбыршылар марапаттарға ие болды.


«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Естелік белгісімен - Валерий Кашифович Аллаяров, өлшеу құралдарын тексеру участогінің жетекші инженері; 

«Самрук-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Құрмет грамотасымен  - Қазбек Бейсенұлы Мұханов,   «Трудовое» АҚП аға шебері;

«ҚазТрансОйл» АҚ Құрмет грамотасымен - Анар Сабыржан, кеңсе меңгерушісі.


Әріптестерімізді құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер