KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Көпбалалы анаға қайырымдылық жасады

 23.11.2022    543
Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының жас мамандар Кеңесімен кәсіподақ ұйымы бірлесіп, Атырау қаласындағы көпбалалы жалғызбасты анаға көмек көрсетті.

Атап айтқанда, басқарманың жас мамандары Айнагүл Құрманбаеваға қажетті азық-түлік жеткізіп берді. А.Құрманбаеваның 4 баласы бар. Өзі сәби күтімімен отырған соң, жұмыссыз. Балаларға берілетін әлеуметтік жәрдемақымен күн көреді. Көпбалалы отбасының тұратын баспанасы да ескірген. Тұрмысы төмен ананы қамқорлыққа алған жас мамандар, болашақта үйін жөндеуге де жәрдемдеспек.  

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер