KZTO 836,90 (-0,25%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,90 (-0,25%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Орал» ЖӨДС командасы футзалдан облыстық біріншілікте екінші айналымға шықты

 11.01.2023    656

2022 жылдың қараша айынан бері Батыс Қазақстан облысының кубогі үшін футзалдан «Бірлестік лига» атауымен біріншілік өтуде. Оған Атырау мұнай құбыры басқармасы «Орал» ЖӨДС командасы қатысып, 2 айналымға жолдама алды

     Жалпы футзалдан Батыс Қазақстан облысының кубогі біріншілігінде 18 команда бақ сынауда. Олар 6 командадан 3 топқа бөлінген. «Орал» ЖӨДС командасы бүгінге дейін өз тобында 5 командамен кездесті, 3 команданы жеңіп, біріншіліктің екінші айналымына жолдама алды. Біріншілік 2023 жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Бірінші айналымда әріптесіміз «Үлкен Шаған» МАС тауар операторы Аян Есниязов «Үздік ойыншы» атанды.  

      Атап өткен жөн, біздің командаға Атырау МҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымы қолдау көрсетіп, спорттық киімдер және спорттық мүліктермен қамтамасыз етті. 

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер