KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

Маңғыстау МҚБ-да «HSE» мәселелері бойынша кеңес өткізілді

 22.02.2023    419

Маңғыстау мұнай құбыры басқармасында ӨҚ, ЕжәнеҚОҚ бөлімі қызметкерлері және бөлімшелердің өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жетекші инженерлерінің қатысуымен «HSE» мәселелері бойынша кеңес өткізілді. 

Маңғыстау МҚБ бастығы Асқар Жолдасов өткен жыл жұмыстарын қорытындылай келе, өндірістегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын атады. 2023 жылға «HSE» саласындағы шаралар аясындағы негізгі көрсеткіштер түсіндірілді. 

Кеңесте ӨҚ, ЕжәнеҚОҚ бөлімінің ЕҚ жөніндегі жетекші инженері Шолпан Бекешова «ҚазТрансОйл» АҚ-та денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдерді басқару регламентінің» жаңа редакциясының талаптарын, сонымен бірге «Қауіпті өндірістік объектілерде жұмысты орындайтын инженер-техник қызметкерлер үшін аса қауіпті жағдайдағы жұмыстар» курсы бойынша өндірістік оқу талаптарын түсіндірді. Оған қоса мердігерлік ұйымдар жұмысының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт, экологиялық қауіпсіздік, гигиена және санитария талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша жаңа талаптарға тоқталды. 

ӨҚ, ЕжәнеҚОҚ бөлімінің ЕҚ жөніндегі жетекші инженері Миржан Сахташев, мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезінде ауа ортасына бақылау жүргізу, сондай-ақ «Өндірістік бақылау журналына» жазу  бойынша мысал келтірді, ал ӨҚ, ЕжәнеҚОҚ бөлімінің ӨҚ инженері Махамбет Утениязов, апатқа қарсы жаттығуларды, оқу дабылдарын, өрт-тактикалық сабақтарды, медициналық оқу дабылдарын өткізу және ресімдеу тәртібін түсіндірді. ӨҚ, ЕжәнеҚОҚ бөлімінің ЕҚ инженері  Сәуле Мугжанова слайдтар арқылы 2021 және 2022 жылдардың 12 айындағы «Қорғау» картасын тіркеу бойынша салыстырмалы талдауды көрсетті. ӨҚ, ЕжәнеҚОҚ бөлімінің бастығы Марат Карашаев жиналысты қорытындылады, сондай ақ кеңесте 2023 жылы «HSE» мәселелерін жақсарту туралы шешім қабылданды. 

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер