KZTO 834,01 (-0,98%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,01 (-0,98%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Ауған соғысы мен Таулы Қарабах қақтығысына қатысқандарға құрмет көрсетілді

 23.02.2023    222

Атырау мұнай құбыры басқармасының  өндірістік бөлімшелерінде 8 Ауған соғысының ардагері мен 6 Таулы Қарабах қақтығысына қатысушы еңбек етеді. Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай басқарма басшылығы ардагерлермен кездесу өткізді. Кездесуде Атырау МҚБ бастығы Өтеу Есмұрзин Кеңес Одағы тарап кетсе де, жат елде Отанын қорғаған жауынгерлер ерлігі ұмытылмайтынын атап өтті. Олардың жастарға патриоттық тәрбие берудегі маңызы мен жұмыстағы үлгісі үшін «Алғыс хат» және кәсіподақ атынан сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде ардагерлер ұжымның көрсеткен құрметіне алғыстарын білдірді. 

 

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер