KZTO 833,20 (-0,44%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 833,20 (-0,44%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Орал» ЖӨДС командасы футзалдан облыстық біріншілікте ширек финалға шықты

 23.02.2023    456

    Бұған дейін атап өткендей, 2022 жылдың қараша айынан бері Батыс Қазақстан облысының кубогі үшін футзалдан «Бірлестік лига» атауымен біріншілік өтуде. Атырау мұнай құбыры басқармасы «Орал» ЖӨДС командасы 2 айналымда қарсыластарын ұтып, ширек финалға жолдама алды

     2 айналымда футзалдан Батыс Қазақстан облысының кубогі біріншілігінде 12 команда бақ сынаған еді. Олардың ішінде 2 айналымға өткен «Орал» ЖӨДС командасы бүгінге дейін өз тобында 6 командамен кездесіп, бәрін де басымдылықпен ұтып шықты. Команда біріншіліктің ширек финалына жолдама алды. Біріншілік 2023 жылдың наурыз айына дейін жалғасады. 

      Атап өткен жөн, біздің командаға Атырау МҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымы қолдау көрсетіп, спорттық киімдер және спорттық мүліктермен қамтамасыз етті.   

       

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер