KZTO 833,20 (-0,44%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 833,20 (-0,44%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Vision Zero нөлдік жарақат тұжырымдамасын енгізеді

 01.03.2023    339

Vision Zero немесе Нөлдік жарақат тұжырымдамасы - бұл жұмысшылардың денсаулығын, қауіпсіздігін және әл-ауқатын біріктіретін профилактиканы ұйымдастырудың жаңа тәсілі. 

Vision Zero нөлдік жарақат тұжырымдамасын Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) қамқорлығымен құрылған Халықаралық Әлеуметтік Қамсыздандыру Ұйымы әзірледі. Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтері бойынша әлемде өндірісте жылына орта есеппен 2,8 млн өлім және 340 млн. жуық жарақат орын алады. Көп жағдайда жарақаттанудың негізгі себептері адам факторына, зардап шеккендердің қауіпсіздікке қатысты қате жүріс-тұрысына байланысты. 

Vision Zero нөлдік жарақат тұжырымдамасы өндірістегі барлық жазатайым оқиғалардың алдын алуға болатынына және компаниялар мен серіктестер үш негізгі құндылықты - денсаулық, қауіпсіздік және әл-ауқаттың сақталуына ықпал ететін еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті деген сенімге негізделген.

2022 жылғы 31 тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ Vision Zero «Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі жаһандық бастамаға ресми түрде қосылды және олардың сақталуы өндірістік жарақатты минимумға жеткізуге мүмкіндік беретін Vision Zero 7 алтын қағидасын сақтау бойынша міндеттемелерді қабылдай отырып, сертификат алды:

1) көшбасшы болу – қағидаттар  жолын ұстану;                           

2) қатерлерді анықтау – тәуекелдерді бақылау;

3) мақсаттарды айқындау – бағдарламалар әзірлеу;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін құру –  жоғары ұйымдастыру деңгейіне жету; 

5) жұмыс орындарында, станоктармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік пен гигиенаны қамтамасыз ету;

6) біліктілікті арттыру – кәсіби дағдыларды дамыту;

7) кадрларға инвестиция салу – қатысу арқылы ынталандыру.

Vision Zero міндеттемелерін іске асыру және жарақаттанудың «нөлдік» көрсеткішіне қол жеткізу үшін 2022 жылғы 20 желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) «ҚазТрансОйл» АҚ-та Vision Zero нөлдік жарақат тұжырымдамасын енгізудің 2023-2024 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті. Бағдарламаның кейбір іс-шаралары «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2023 жылға арналған негізгі міндеттеріне енгізілді.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер