Жыл сайын Шымкент мұнай құбыры басқармасында күтпеген жерден демалыс күндері және жұмыстан тыс уақытта АҚП, ТАҚП қызметкерлерін жинау арқылы апатқа қарсы жаттығулар өткізіледі. Осыған орай, өткен аптада «Шолаққорған» және «Шымкент» бас мұнай айдау станцияларында 2023 жылға арналған ШМҚБ бойынша оқу дабылдары мен апатқа қарсы жоспарлы жаттығулар болып өтті. Ондағы мақсат – қыс жағдайында мұнай құбырындағы ықтимал апат орнына апатты жою үшін техникалық құралдарды тиеу және шығу бойынша дайындықтарды пысықтау. Өз кезегінде Шымкент мұнай құбыры басқармасының бас инженері Еркен Суюндыков ауысым басшыcына жиналуды тапсырды.
«Стандартқа сәйкес АҚП қызметкерлері екі сағаттан кешіктірмей мұнай құбырының ықтимал апаты болған жерге жинау мен шығуды жедел ұйымдастыруы тиіс болды. ТАҚП және «Шолаққорған» БМАС АҚП бастықтары АҚП бригадаларының шартты апат орнына жиналуын және шығуын уақтылы ұйымдастырды», - деді ШМҚБ бас инженері Еркен Суюндыков.