KZTO 833,20 (-0,44%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 833,20 (-0,44%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Ал балық, аузыңа сал балық!

 10.03.2023    322

Жақында спорттық қысқы балық аулаудан жарыс өтті. Оны «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-ның қолдауымен Жезқазған басқармасының Жас мамандар кеңесі ұйымдастырды. 

    Аталмыш жарысқа Жезқазған мұнай құбыры басқармасы, «Корпорация Казахмыс» ЖШС жанындағы «Адал Енбек» ЖШС, «Сина» СҮ жеке кәсіпкерлер командалары қатысты. 

Мұздан балық аулау сайысы Кеңгір су қоймасында әрбір команда арасында екі сағаттан тұратын бір кезеңмен жеке есеп бойынша өтті. Негізгі - мақсат қысқы балық аулауды насихаттау, балық аулау спортын дамыту, қатысушылардың шеберлігін арттыру және спорттық балық аулаудың заманауи принциптерін насихаттау. 

Жеке есеп бойынша басты марапатқа ӨҚБ-ның технологиялық құрал-жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарі Владимир Акуленко, екінші орынды ТКжАТЦ-ның автобус жүргізушісі Юрий Духанин жеңіп алса, үшінші орынды ӨҚБ ЖСЖ жөніндегі инженері Небрат Александр місе тұтты. 

Командалық септе ӨҚБ командасы сөзсіз жеңіске жетті, екінші орын ТКжАТЦ, үшінші орын БА-ның қанжығасына байланды. Спорттық шара соңында ЖМҚБ басшылығы барлық жеңімпаздарға сыйлық сертификаттары мен дипломдар табыс етті. 

Шара қорытындысы бойынша қатысушылар мұндай жарыстар әріптестер арасында көңілді де ымырашылдықпен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жарыстың ұйымдастырушылары болып табылатын Жас мамандар кеңесі турнир жыл сайын өтуі үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланатындықтарына сендірді.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер