KZTO 841,30 (-0,14%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 841,30 (-0,14%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Атырау мұнай құбыры басқармасында «Көрісу күні»- татулықтың мерекесін атап өтті

 15.03.2023    408

Атырау мұнай құбыры басқармасының ұжымы Көрісу күні»- татулықтың мерекесін береке-бірліктің бастауымен ұштастырып думанмен атап өтті. Қызметкерлер бұл күні ұлттық киім киіп, бір-бірімен емен-жарқын көрісіп жатты. 


  Атырау мұнай құбыры басқармасы Наурыз бастауы – батыстағы «Көрісу» амалымен ұштастырды. Бұл күні ертемен, бір-бірімен емен-жарқын көріскен қызметкерлер ұлттық тағамдардан дастархан жайып, құшақтасып көрісіп, мерекемен құттықтады. Ал, үлкендер мерекеде бата-тілектерін білдірді. Қызметкерлердің балалары әсем ән салып, күй тартып, өнерімен мейрамды әрлендірді.   
 

     Ұлт пен ұлысты жақындастыратын, ағайынды татуластыратын, бүкіл ұлттық дәстүрдің көрініс табатын, тәрбиелік мәні зор мереке Атырауда осылайша бастау алды. 


Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер